Түркістанда «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен өткен ашық біріншілік аяқталды.
Спорттық шараға Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарынан келген 300-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қалалық «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Әнуар Сәрсенбаев құттықтап, арнайы алғыс хат пен кубоктарын табыстады.
— Үстел теннисі – пайдасы мол спорт. Ақыл-ойды сергітіп, мидың саулығын сақтайды. Шапшаңдық арқылы буындарға да жақсы әсер береді. Бұл спорт түріне жастардың қызығушылық танытып, сайысқа қатысып жатқанына қуаныштымын. Жас спортшыларға алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін,-деді Әнуар Амантайұлы.
Ойлау шапшаңдығын арттырады. Үстел теннисін «high-speed chess» – «аса шапшаң шахмат» деп бекерден бекер атамаса керек. Бұл спортта допты неғұрлым қатты жылдамдықпен соғу, айналдыра шиіру, үстелге дәл түсіру және қарсыластың соққысына шапшаң бейімделіп, шебер қайтара білу төтенше маңызды. Бұның бәрі тез ойлау мен тез шешім қабылдауды қажет етеді.
Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады.
Жарыс қорытындысы бойынша 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында Түркістан қаласы 8 медаль, Шымкент қаласы 15 медальды иеленсе, Қызылордалық спортшылар 4 медальды қанжығаға байлады. Сарыағаш қаласы, Созақ пен Сауран аудандары бір-бір жүлдені қанағат тұтты.
Түркістан қаласындағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Түркістанға тарту» жобасының тұсаукесері — кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қазақ тілін дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Бұл жоба «TAS Group» компаниясының […]
Түркістан өңірінде құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Әсіресе, облыс орталығында жұмыс қарқынды. Халық санының өсуіне байланысты және туристік орталыққа айналдыру бағытында тағы да маңызды жобалар жүзеге асады. Аталған жобалар облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте талқыланды. Түркістан […]
Мектепке дейінгі кезең – тұлғаның дамуындағы маңызды кезең, баланың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту кезеңі, бұл оның одан әрі дамуында, білім алуында және болашағын айқындауда шешуші рөл атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясат […]
Пікір қалдыру