Қаламыздың жанашыр тұрғындары “Мұз сарайының” тағдырына алаңдаулы. Себебі, бұл мегаполистегі қысқы спорт түріне бағытталған жалғыз орын.
Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан халық игілігі үшін бірқатар нысанды мемлекет меншігіне қайтаруда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың қатарында “Мұз сарайының” ғимаратына қатысты да іс шаралар бар.
Нысан осыдан жеті жыл бұрын «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС-не 128 миллион теңгеге сатылған. Жалпы сол кездегі ғимаратты бағалау құны 996 миллион теңге болған. Жеңімпазбен шарт жасалғанмен, келісімде нысанның бейінін сақтау көрсетілмеген.
Осындай жәйттерді ескере келе қала прокуратурасы тексеру шараларын жүргізіп, мемлекеттік мүддеге қайшы ұйымдастырылған аукцион барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Қадағалау органы Шымкент қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына мемлекеттің үлесін сатып алу келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолдаған болатын. Сот шешімімен прокуратураның арызы қанағаттандырылды. Осылайша, «Мұз сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылды.
Шымкент қаласында күз маусымында тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында, жеке секторларда санитарлық тазалау, қураған жапырақтар мен ағаш бұталарын жинау және басқа да қоқыстарды шығару жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып, жоспарға […]
Дендросаябақ — ашық аспан астындағы ағаштар мұражайы. Дендросаябақ — қала ішіндегі қалың орман. Қазақстанда ең алғаш салынған дендросаябақ Шымкент қаласында орналасқан. Шымкентке қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Бұл […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында елімізде экология саласына ерекше көңіл бөлінуі қажеттігін айта отырып, биылғы көктемде басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңызын атап […]
Пікір қалдыру