«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өзен жағалауында санитарлық тазалық шаралар атқарылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға Тұран ауданының коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары атсалысты.
 Кремлевская көшесі мен Абай көшесі аралығындағы өзен бойы қоқыстан тазартылып, жасыл желектер қалпына келтірілді. Қураған шөптер орылып, өзен қалдықтардан тазартылды.
 Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника мен 100-ге жуық маман жұмылдырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*