Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жылу маусымына дайындық және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы талқыланды.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов жылу маусымына дайындық жұмыстарын баяндады. Бүгінде бөлек орналасқан 26 жылу қазандығының 13-і және орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы дайындалған, қалған 7 нысанда жұмыстар жалғасуда. Әзірлік шаралары қала аумағындағы 2107 көпқабатты тұрғын үйде, 469 бюджеттік мекемеде жүргізілуде.
Қала әкімі сала және аудан басшыларына жылу маусымына дайындық жұмыстарын сапалы атқарып, 1-қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар халықты үздіксіз, сапалы жылумен қамту үшін өзекті мәселелерді ашық жеткізіп, дер кезінде шешім қабылдауды ескертті.
Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының м.а. А. Жұмақұлова мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша баяндама жасады. Қала басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына азаматтармен кері байланысты күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын сапалы, шұғыл, жүйелі жүргізуді қадағалауды тапсырды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы А. Даткаев жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шараларын қорытындылады. Қала әкімі аппараты және қала әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппараттары мен басқармалары тарапынан 172 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қалабасшысы жауаптыларға құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, халыққа адал қызмет көрсетуді ескертіп, нақты тапсырмалар берді.
Жиын барысында аудандар мен барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар пысықталып, өзекті мәселелердің шешімі қарастырылды.
Шымкент қаласында қоғамдық көлік пен жолаушылар тасымалдаумен айналысатын жеке автокөліктерге бақылау күшейтілді. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Бір нүктелік» рейдтік іс-шара аясында әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық көліктер мен маршруттық автобустарды кең көлемде тексерді. Рейдке Әкімшілік […]
Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дереккөзден алынды. Шымкент қаласында 2023 жылы егілген ағаш көшеттерінің 75-80 пайызы көгеріп, өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасалғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Бақытқалиұлы мәлімдеді. Алайда, […]
В Шымкенте сотрудники Полка патрульной полиции совместно с представителями Абайского районного управления полиции провели очередной рейд в садоводческом массиве «Дача–Қайнарбұлақ». Цель мероприятия — обеспечение безопасности дорожного движения и предупреждение нарушений среди водителей в частном секторе, […]
Пікір қалдыру