Шымкенттік Динара Бабақулова бір жылдан бері асыл тұқымды бройлер балапандарын инкубаторда өсіріп, етін саудалап келеді. Бизнес-жобасы комиссияның шешімімен мақұлданып, қайтарымсыз қаржы алған болатын.
— Кәсіпті зерттеуге, үйренуге 70 жұмыртқаға арналған инкубатордың көмегі көп болды. Шаруашылықтан тәжірибе жинаған соң ауқымын кеңейтуді көздеп, қайтарымсыз грантқа өтінім жолдадым. Мақұлданған қаржыға сыйымдылығы 2200 жұмыртқаға арналған құрылғыны сатып алдық. 21 күннен кейін жаңа құрылғыға салынған жұмыртқадан алғашқы балапандар жарып шықты. Жартысын балапан күйінде сатып, қалғанын бірер ай көлемінде бағып, тамақтану орындарына саудалап отырмын, — дейді Динара Мелісқызы.
Іскер әйел жұмыртқа жарып шыққан күннен бастап, салмақ жинағанша ветеринарлармен кеңесіп балапандарға қажетті екпе, дәрумендерін салдырып отырады. Грант иегері қазір тез өсіп жетілетін, еті жұмсақ әрі дәмді бройлер тауықтарына сұраныс өте жоғары екенін айтады. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, мемлекеттік қолдаулар аясында ауқымды құс фермасын ашуды жоспарлауда.
Биыл Шымкентте 426 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Маусым айында комиссияның шешімімен 214 тұрғынға қайтарымсыз қаржы мақұлданды.
Шымкент қаласында полиция қызметінің тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында маңызды семинар өтті. Бүгін қалалық Полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс басқармасының қызметкерлері үшін «Жеке құраммен жұмыс ерекшеліктері» атты семинар ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты […]
Шымкенттегі 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты. Қала аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков […]
В Шымкенте сотрудники полиции совместно с активистами фонда «Esbol Qory» провели необычный социальный эксперимент. Его цель — определить отношение граждан к проблеме наркотиков и проверить, как они реагируют на подозрительные надписи, напоминающие рекламу запрещённых веществ. […]
Пікір қалдыру