«Ұлы дала елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына орай
танымдық-мәдени шарасы өтті. «Халқының адал перзенті» атты жиынға туған ауылынан көзін көрген замандастары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Келушілерге Нұртас Оңдасынов атындағы музей-филиалының құнды жәдігерлерінен арнайы тақырыптық көрме жасақталды.
Мазмұнды жиын біртуар тұлға жайлы бейнероликпен басталды. Жиында сөз алған Сауран ауданы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Қалыйма Жантөреева шараны ашып беріп, ұлт қайраткерінің еңбектеріне тоқталды. Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ұлжалғас Мұстафаева, қалалық мәслихат депутаты Ғалымжан Құдияров өз кезегінде тұлға жайлы ой бөлісті.
Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен қызмет жолын, шығармашылығын насихаттау, туған жердің тұлғаларын жас ұрпаққа таныту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасы Нұртас Оңдасынов туралы баяндады. «Яссы» халықтық би ансамблі, Ұлжалғас Шілдебаева, Данагүл мен Шыңғыс, Райым Бақытұлы, Ынтықбай Дана және тағы басқа қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқап, би биледі.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы бірқатар мектептер мен көшелерге, Алматы қаласындағы бір көшеге Оңдасыновтың есімі берілген. Еліміздің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Нұртас Оңдасынов өзінің өнегелі өмір жолымен Ұлы даланың ұлы тұлғалары тарихында өшпестей із қалдырып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті. Өйткені, […]
Түркістанда 400 адамның қатысуымен тазалық шарасы өтті. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында өткен сенбілікке 13 техника жұмылдырылды. Әмір Темір, Төле би, С.Қожанов, О.Жандосов, С.Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, қураған шөптер тазартылды. Ағаштарды […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қазақ таэквондосының негізін қалаушы, түркі әлемінің біртуар перзенті Мұстафа Өзтүріктің қызы – Неслихан Өзтүрікті қабылдады. Қала әкімдігіндегі жылы жүздесу рухани байланыс пен тарихи сабақтастыққа толы мән-мағынамен өрілді. Неслихан Өзтүрік атажұртына […]
Пікір қалдыру