ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ НАЗАРЫНДА

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы лездемелік мәжіліс өткізді. Жиында әкім орынбасарлары мен мекеме басшыларының қаладағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары сараланды.
2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық барысында мекемеге қарасты 17 жылу қазандығы мен 55,3 шақырымдық жылу құбыры тексеруден өтіп, қысымдау жұмыстары жүргізілген.
Қаладағы 219 көпқабатты тұрғын-үй, 65 әлеуметтік нысан, 60 кәсіпкерлік нысан, 33 жер теліміндегі үйлер жылу жүйесімен қамтылады. Шаһардағы автономды көпқабатты тұрғын үйлер саны 160-ты құрайды.
Мәжілісте қала әкімі жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, мәселелердің алдын-алдын алуды тапсырды. «1310» Бірыңғай байланыс орталығына тұрғындар тарапынан түскен өтініштер аясында жүйелі жұмыс істеу керектігін жеткізді.
Қазіргі таңда қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде жылу қосу алдындағы қысымдау, шаю жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жүргізілу барысында үйде болуларыңызды және жауапкершілікпен, мұқият қарауларыңызды сұраймыз.
Апаттық жағдай орын алған жағдайда мекеме жауапкершілігіне алмайтынын хабарлайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*