Қала әкімі осы аптада өткен халықпен есептік кездесулердің нәтижелері бойынша бірнеше нысанды аралады. Кездесулер барысында тұрғындар «Күншығыс» шағынауданында автотұрақ салуды сұраған болатын. Әкім аталған аумақты қарап, аудан әкімдігіне заң аясында автотұрақ салу мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.
Әрі қарай, Еңбекші ауданындағы «Дария – Медикус» медициналық орталығына барды. Мұнда ол медициналық кабинеттерді қарап, қажетті құрал-жабдықтардың қамтамасыз етілуін тексеріп, дәрігерлермен қызмет сапасын талқылады.
«Оңтүстік-Жаңақұрылыс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесуде инфрақұрылым жүргізу және уақытша жол салу мәселелері қаралды. Азаматтардың өтініші бойынша, көлік басқармасы балаларды мектепке тасымалдау үшін қоғамдық көліктің тиімді кестесін әзірлеуді міндеттеді.
Көшпелі кездесулер барысында Безделев көшесінің тұрғындары да өз проблемаларын көтерді. Олар мол жауын-шашын кезінде үйлерінің су астында қалатынын мәлімдеді. Бұрын арық жүйесі болған жерде жаңа құрылыстардың пайда болуы дренаж жүйесінің жұмысын нашарлатқан. Қала басшысы арықтар мен лотоктардың жағдайын қарап, жауапты тұлғаларға қосымша су ағызатын құбырлар төсеуді және орталық ирригациялық жүйеге қосу тапсырмасын берді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін осы аумақта жарықтандыру орнатылады.
Әл-Фараби ауданында «Ескі қалашық» шағынауданы, Әйтеке би көшесі, «Қошқар-ата» өзенінің жағалауы және Қонаев даңғылының ағымдағы жағдайы да назардан тыс қалған жоқ. Тұрғындар жарықтандырудың жоқтығына, кәсіпкерлік нысандардың тазалық талаптарын сақтамауына және қоқыстың уақытында шығарылмауына шағымданды. Тексеру барысында ескертулер жасалып, абаттандыру ережелерінің бұзылуымен күресті күшейту, бұзушыларға айыппұл салу, бейнебақылау камераларын орнату және өзен жағалауын тазарту жұмыстарын жандандыру қажеттігі айтылды.
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков және қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева төтенше жағдайға байланысты онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады. Шымкент оқушылары үшін […]
2025 жыл Шымкент қаласының спорт саласы үшін айрықша табысты болды. Қала спортшылары республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, Шымкент спортының әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жыл қорытындысы бойынша шымкенттік спортшылар […]
Шымкент қаласында дәстүрлі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Қала аумағындағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандары түгел қамтылып, мыңдаған тұрғындар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар, коммуналдық қызмет өкілдері мен партия мүшелері тазалық […]
Пікір қалдыру