Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков салаларға бекітілген жоспар мен берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша лездемелік мәжіліс өткізді. Күн тәртібіне сәйкес, бөлім басшылары атқарылған жұмыс есебін ұсынып, тапсырмаларды тарқатып баяндады.
Шілде айында секторларда өткен жеке қабылдауының қортындысымен берілген 54 тапсырманың 52-сі орындалып, бақылаудан алынған, 2 тапсырма бойынша тиісті шаралар атқарылуда.
Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тіленші «Шауғар» секторындағы аллеяда жер тегістеліп, аяқ жол төселгенін, автоматты суару жүйесін орнату жұмысы жалғасып жатқанын, ал «Бірлік» секторындағы аллеяда қазіргі таңда сәулеттік қондырғылар орнатылып басталғанын жеткізді.
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаевтың мәлімдеуінше, коммуналдық меншіктегі пәтерлерде орналасу заңдылығына түгендеу жүргізу барысында 3418 пәтер араланып, нәтижесімен 110 акт түзілген. 3308 пәтер өз мақсатында пайдаланылуда.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова өз кезегінде әлеуметтік сала көрсеткіштеріне тоқталды. АӘК алуға 3488 отбасы өтініш білдірген. 1387 отбасының тұрмыстық жағдайын зерделеу барысында 293 отбасы мұқтаж еместігі анықталған. Даму жоспарында бөлімге бекітілген 5 индикатордың бірі орындалып, өзгесін жыл соңына дейін атқару көзделген. Жұмыспен қамту бағдарламасының Еңбек бағытына 4946 азамат тартылған. Оның ішінде Жастар практикасымен — 528 жас маман, қоғамдық жұмыс орындарына — 1265, әлеуметтік жұмыс орындарына — 144, «Күміс жас» жобасымен — 173, тұрақты бос жұмыс орындарына 2279 азамат жолданған.
Нұрбол Әбдісаттарұлы мерзімі таяған хаттамалық тапсырмаларды да саралап, жауаптылардың уәжін тыңдады:
— Жылдың жұмыс жоспары қараша айында толық жабылуы тиіс. Ал, желтоқсан айын біз келесі жылдың тірліктерін пысықтауға арнаймыз. «Епшіл адам ертеңге іс қалдырмайды», ақталуға емес, жұмыстың бабын табуға тырысыңыздар, — деп, мәжілісті қорытындылады.
Түркістан қаласындағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Түркістанға тарту» жобасының тұсаукесері — кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қазақ тілін дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Бұл жоба «TAS Group» компаниясының […]
Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының жоспарын бекітіп, соның аясында жыл сайын өткізілетін «Өрт қауіпсіздігі айлығы» іс-шарасын ойдағыдай аяқтады. Аталмыш шара 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында ұйымдастырылды. […]
Түркістан қаласында «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акциясы өтті — деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырған акцияда «Mega city» сауда саттық орталығына мемлекеттік Ту орнатылып, мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында […]
Пікір қалдыру