Қытай Халық Республикасында жамбы атудан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 11 елінен, атап айтқанда, Аустралия, Малайзия, Түркия, Қытай, Индонезия, Қатар, Қазақстан, Моңғолия, Тайпей, Макао, Пәкстан мемлекеттерінен 60-қа жуық спортшы қатысты. Қазақстанның намысын ұлттық құраманың 4 мүшесі, соның ішінде Түркістан облысының спортшылары – Айтбек Сарыбай мен Батыр Бексауыт қорғады.
Төрт күнге созылған дүбірлі дода «Мажар», «Азия», «Император», «Саран» стильдері бойынша өтті. Жарыстың алғашқы күні спортшылар «Мажар» стилі бойынша сынға түсті. Бұл стильде Батыр Бексауыт үздік үштікке ілініп, қола жүлдегер атанды. «Император» стилі бойынша ұлттық құрама мүшесі Айтбек Сарыбай күміс жүлде иеленді.
Соңғы жарыс күні «Саран» стилі бойынша өтті. Бұған дейін бұл стильде өнер көрсетпеген мергендеріміз абдырап қалмады. Атап айтқанда, Батыр Бексауыт басты қарсыласымыз саналған моңғол спортшыларының алдын орап, алтыннан алқа тақты. Осылайша Түркістан өңірінің өрендері 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жамбы атудан Әлем чемпионатынан олжалы оралды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы […]
Түркістанда қала әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес өткен кезекті сенбілікке 800-ге жуық белсенді азаматтар қатысып, 10 техника жұмылдырылды. Шаһардағы О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Тынышқұлов көшелері мен Балтакөл тас жолы қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы […]
Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында шағын аудандар мен тұрғын алаптарда орналасқан әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, облыс орталығын газдандыру ісі 11 кезеңмен жүзеге асырылуда. […]
Пікір қалдыру