Техника дамып, технологияның қарыштап алға жылжуының нәтижесі бүгінде, барлық салаларда чат-бот өте жақсы жұміс істеп тұр.
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстанда адамның қоғамда жайлы тұруының барлық саласына қатысты тұрғындардан өтінімдер берудің жаңа сервисі @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев ескертті.
Оның айтуынша, оған кіргеннен кейін пробле бар жердің мекен-жайын көрсетіп, фотосурет жүктеп, мәселеге қатысты түсініктеме беру мүмкіндігі бар.
«Өтінім түріндегі барлық ақпарат жергілікті атқарушы органның операторына келіп түседі, ол өтініштерді іріктеп, орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына байланысты орындаушының тапсырманы орындайтын уақыты автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушы фотосуретті және қажет болған жағдайда тиісті түсініктемелерді қосады», – деп, вице-министр алгоритмді түсіндірді.
Пайдаланушылардың ыңғайы мен жауапты орындаушыларды анықтау үшін барлық проблемалық мәселе 17 санатқа бөлінеді: саябақтар мен аллеяларды, үйлерді тазалау, жарықтандыру, абаттандыру, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды шығару, аула алаңдарының жай-күйі және т.б. кері байланыс ретінде өтініш беруші ЖАО рейтингін белгілеу мүмкіндігімен орындаушыны тағайындау және жұмыстарды аяқтау туралы хабарлама алады. Чат-бот іске қосылғаннан бері 6 мыңнан астам өтінім келіп түсті.
Бот ол арнайы бағдарлама. Сайт не мессенджерде бірден жауап қайтаратын жүйе. Ол қалай жауап қайтарады? Арнайы түйінді сөздері бар сөйлемдерге оған дайын жауапты береді. Сонымен бот деген не? Бот дегеніміз адам пайдаланатын интерфейстер арқылы белгілі іс-әрекет жасауға арналған виртуалды робот.
Шымкент қаласында биылғы жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ-шы маусымы өз мәресіне жетті. Бұл жоба жастарды еңбекке баулып, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуға бағытталған бірегей бастама болып табылады. 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе […]
Жаз бастала сала қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға сән беретін субұрқақтарды жағалайтыны жасырын емес. Олар қаланың ауа райын жақсартуға да оң серпін беріп, аптап ыстықта климатты тұрақты салқындататыны рас. Сәулет өнерінің ерекше құбылысы ретінде қарасақ, […]
Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қала аумағында коронавирус инфекциясына қарсы дезинфекциялау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Мәселен, Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Аталған ауданның аумағында 2244 […]
Пікір қалдыру