Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады.
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында Сауран ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, газбен қамту деңгейі 31,4 пайызды құраған. Жыл басында Бершінтөбе, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылған болатын.
Қазіргі таңда Оранғай елді мекенін газбен қамту жұмыстары басталды. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Газ құбырын жүргізу жұмыстары қыркүйек айында басталып, 2025 жылдың қараша айында аяқталмақ. Жалпы ұзындығы 97 шақырымды құрайды. Жұмыстар толық аяқталғанда 2 188 абонент газбен қамтылады. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «KZ Invest Constuction» ЖШС атқаруда. Ал, техникалық қадағалаушы мемеме «Инжиниринг Сервис Групп» ЖШС.
Алдағы уақытта аудан аумағын газбен қамту мақсатында Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды.
Одан бөлек, облыс әкімінің жіті қадағалауымен, соңғы он жылда құрылысы тоқтап тұрған нысандарды іске қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 40-қа жуық проблемалық нысан іске қосылып, 35 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды. Ал жарты жолда қалған «сақалды» құрылыс бойынша 4 газ тарату стансасының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде 100 мың халық жылдар бойы күткен газға қол жеткізді.
Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның, ата-ананың, мектептің және құқық қорғау органдарының ортақ жауапкершілігі. Әсіресе, көше қозғалысы кезінде балалардың өміріне төнетін қауіптерді болдырмау – баршамыздың басты міндетіміз. Осы бағытта Түркістан қаласы білім бөлімі мен қалалық Полиция басқармасы […]
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған республикалық FIN IQ диктанты биыл ерекше маңызға ие болды. Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бұл шараға еліміздің барлық өңірлері белсенді түрде қатысып, өз деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Соның ішінде Түркістан […]
Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты. […]
Пікір қалдыру