Сарыағаш ауданында ерекше балаларға арналған инклюзивті білім беретін «Аqildi bala» мектебі қолданысқа берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, игі іске бастамашы болған жандарға алығысын білдірді. Аталмыш мектепте 100 бала толыққанды білім ала алады. Сондай-ақ, онда 17 пән және 8 қосымша сабақ өткізіледі.
Айта кетейік, инклюзивті білім беретін мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұдан бөлек, робототехника, АФК, ЛФК, сенсорлық интеграция, вокал және хореография, АРТ, ABA терапиясы өтеді. Сонымен қатар, психолог логопед, дефектолог мамандары да бар.
Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі.
ҚР «Білім туралы» заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс екені көрсетілген.
Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген.
Түркістан облысында сапалы жол салу жұмыстары қарқынды. Созақ ауданында КХ-110 «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымының құрылыс жұмыстары жүруде. Күре жолдың жөндеу жұмыстары Қозмолдақ елді мекенінің ішінен басталып, қазіргі таңда 3 шақырымнан астам жолға асфальт […]
Бәйдібек ауданындағы пайдалы қазбаларды зерттеп, анықтап, соған сай жаңа өндіріс орындарын ашу керек. Бұл ретте, ауданның әлеуеті жоғары. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту маңызды. Бүгін Түркістан облсының әкімі Дархан Сатыбалдының Бәйдібек тұрғындарымен […]
Түркістан облысында ветеринариялық іс-шаралардың 9 айлық жоспарына сәйкес, жануарлардың аса қауіпті 14 ауруына қарсы 28 млн 555 мың доза вакцина егілді. Бүгінгі таңда өңірде жануарлар арасында ветеринарлық ахуал қатаң бақылауда. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы […]
Пікір қалдыру