Әл-Фараби ауданы аумағында қала әкімінің бастамасымен соғылған жаңа гүлзар ел игілігіне берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Ғабит Әбдімәжитұлы арнайы қатысып, жергілікті халықпен тілдесті. Тұрғындар әсем гүлзардың салынғанына ерекше ризашылықтарын білдірді.
Жалпы аумағы 0,31га құрайтын А.Диваев көшесінде орналасқан гүлзарда шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды. Жалпы 20 көпқабатты тұрғын үй мен 3 300 адамды қамтитын гүлзарда балаларға арналған 2 әткеншек, 1 шахмат үстелі, 2 теннис үстелі, 18 мәрмәрдан жасалған орындық, 13 қоқыс жәшігі, 4 вазон, 34 жарықшам бағанасы, 6 пергола, 14 декоративті тас орнатылды. Құрылыс жұмыстары барысында 1031 ш.м құрайтын аумаққа мәрмәрдан жасалған аяқжол салынып, 1014 ш.м аумақ көгалдандырылды.
Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін 2 велотұрақ, ауызсу бұрқағы және фотоаймақ жасалды.
Бұдан бөлек, 3 300 адам тұратын 20 көпқабат үй айналасында салынған гүлзарда балаларға арналған әткеншек, шахмат үстелі, теннис үстелі, мәрмәр орындықтар, қоқыс жәшігі, вазон, жарықшам бағаналары, пергола және декоративті тастар орнатылған. Тұрғындар жаңа демалыс аймағының салынғанына қуанып, әкімге ризашылығын білдірді.
Әл Фараби ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында да жаңа гүлзар ашылды. Аумағы 0,2 гектар гүлзардың серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Сондай-ақ заманауи үлгідегі 8 дана орындық, 5 дана қоқыс жәшігі, әткеншектері бар 4 бастырма, 1 үстел теннисі, 4 вазон мен 6 декоративті тас орнатылды.
Сонымен қатар, шынар, гуджу тал көшеттері және көпжылдық гүлдер отырғызылып, 819 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Қала тұрғындарының қолайлылығы үшін тегін автотұрақ салынып, 764 шаршы метр аяқжол төселді. Бұл аумақта жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700 ден аса тұрғын бар.
Пікір қалдыру