«Ұлы дала елі» ғимаратында «Ислам және дәстүр құндылығы – қайырлы ұрпақ, ізгі қоғам кепілі» атты жиын өтті.
Шараның мақсаты – елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және қоғамда деструктивті идеологияға иммунитет қалыптастыру.
Жиынға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының РАНТ мүшесі, «Балаби қари» құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев, Сайрам аудандық «Ы. Иманалиев» мешітінің бас имамы Арыстан Оспанов және Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов қатысты.
Еліміздегі діни тұрақтылық нығайып, қарапайым халықтың діни наным сеніміне шектеу қойылмай, әрбір дін өкілдері зайырлы елдің заңнамасына сай өз қызметтерін жасауда.
Дана ата-бабамыз: «Бетеге кетсе – бел қалады, бектер кетсе – ел қалады, берекең кетсе нең қалады?!» – деген. Ал діни тұрақтылық – ел бірлігінің қазығы іспетті.
Осы ретте қаламызда жұмыс атқарып жатқан барша мешіт имамдарымен жастарымыздың тәрбиесі, вандализмнің, келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағыттарында бірлесе жұмыс жасауға келістік.
Халықтың ұлттық құрамы мен діни сенімі тығыз байланысты. Олар саяси және әлеуметтік өмірге, тұрмысқа, адамдардың мәдениеті мен әдет-ғұрпына, демографиялық және этнографиялық процестерге әсерін тигізеді.
Ислам Түркістан халқының тарихында, өмірінде ерекше маңызы бар, өнегелік ағарту мен тәрбиенің факторына айналған дін. ҚМДБ Қазақстандағы Ислам дінін қайта жаңғыртуды жүзеге асырудың маңызды тетіктерінің бірі болып отыр. Отандық мұсылман қоғамының дамуын қамтамасыз ете отырып, біздің қоғамның рухани негізін қалпына келтіруге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысып, жұмыс атқарғанын атап өтуге болады.
Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.
Пікір қалдыру