Аулаларды абаттандыру айрықша маңызға ие. Бұл, бір жағынан, шаһардың шырайын кіргізсе, екіншіден, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне таптырмас мүмкіндік. Бүгінде бұл бағытта шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мегаполистегі абаттандыру бойынша жүргізілген әрбір жұмыс барысы қала басшысының тікелей бақылауында. Ғабит Сыздықбеков кем дегенде әр жеті сайын қаланың тазалығы мен көгалданыру жұмыстарын тексеріп, айрықша көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын және жолдарды ретке келтіру жұмыстарын нақтылауды тапсырған болатын.
Шымкент қаласының әкімі кезекті жұмыс сапары барысын алдымен Әл-Фараби ауданындағы «Бадам» өзенінің жағалауында жүргізіліп жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысумен бастады. Инвестициялық жоба аясында мұнда жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары төселіп, жарықшамдар орнату жоспарланған. Сондай-ақ, жағалаудың іргелес аумағы көгалдандырылып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы демалыс аймағы құрылатын болады.
Жобаның басты мақсаты — балалар және спорт алаңдары бар, жаңа заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыру. Әкім инвесторлармен кездесу барысында құрылыс сапасының жоғары деңгейде болуын, яғни сапалы материалдарды қолданудың маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті элементтер қарастыруды ұсынды.
Балалар ойын алаңшалары аулалардың шырайын кіргізіп, балалардың алаңсыз ойнауына себепші.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласындағы аудан әкімдіктерімен «Халық қатысатын бюджет» жобасы қолға алынған еді. Аудан әкімдігі тарапынан халық қатысатын бюджетті әзірлеудің Ережелері мен Сараптамалық кеңестердің құрамы бекітілген. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер, ұсыныстар қабылданады. Жалпы жобаны жүзеге асырудың 3 кезеңі бар. Біріншіден, сайт арқылы тұрғындардан ұсыныстар жинақталады. Яғни, тұрғындар аудан әкімі аппараты құзыретіне кіретін салалалар бойынша талап-ұсыныстарын жіберуіне мүмкіндігі бар. Аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, т.б., мәселелер бойынша ұсына алады.
Сапар барысында қала әкімі көпқабатты үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстарының барысын да көріп шықты. Қазіргі кезде Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Иляев және Б.Момышұлы көшелерінде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, оған қоса көпқабатты үйлердің қасбеті мен шатырларының бірыңғай сәулеттік стильге сәйкестендіру жұмыстары қолға алынған.
Әкім мердігер ұйымдарға барлық жұмыстың сапалы орындалуын міндеттеп, қала келбетін жақсарту мақсатында бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға сауда нүктелерінің иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жарнамалық тақтайшаларды бірыңғай дизайн-кодқа сай ретке келтіру бойынша міндеттер жүктеді.
Спорт пен салауатты өмір салты – жастардың бойындағы сергектік пен жігерді шыңдайтын, ел болашағының жарқын кепілі. Әсіресе бүгінгі таңда жастардың белсенді өмірге, спортқа және бірлікке ұмтылысын арттыру қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі болып отыр. Осы […]
Баршаңызға мәлім, өткен жылдың соңында Қытайда тіркелген короновирус індеті жер-жаһарды біраз әбігерге салды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы жаңа вирусты пандемия деп жариялап, барлық елдерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 15 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда жалпы 14 […]
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентхананың жұмысымен танысты. Мұндағы жұмыстың сапасын көріп шықты. Перзентханаға қарасты 6 корпуста күрделі жөндеу […]
Пікір қалдыру