ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ СЕНБІЛІККЕ БІР КІСІДЕЙ АТСАЛЫСТЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер, кәсіпкерлер және аудан қызметкерлері қатысып, қаланың тазалығын қамтамасыз ету үшін күш біріктірді. Сенбілікке қатысушылардың негізгі мақсаты — аудан аумағын қоқыстардан тазалап, қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсарту болды.

Сенбілікке 22 арнайы техника және 14 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Барлығы бірге атқарған жұмыстардың нәтижесінде 27 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілік барысында ирригациялық жүйелер мен арықтар тазартылып, көше бойлары мен аулалар тазаланды. Бұл жұмыстарды тек коммуналдық мекеме қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың ұжымдары да атқарды. Олар өздері тұрып жатқан немесе жұмыс істейтін аумақтарды тазалап, экологиялық тәртіптің сақталуына үлестерін қосты.

«Бұл сенбілікке өте көп адамдар келді. Тұрғындардың тазалыққа деген қызығушылығы күшейгені бізді қуантады. Тазалық — баршаға ортақ міндет екенін бүгін дәлелдедік. Енді кез келген жерге қоқыс тастап кетпеуін қадағалау керек. Біз сол сөзді айтудан жалықпаймыз. Қаламыздың тазалығы мен көркеюі үшін әрқайсымыз жауаптымыз», — деді Әл-Фараби ауданы коммуналдық мекемесінің қызметкері.

Қаламыздың тазалығын сақтау — тек коммуналдық қызметтер мен әкімдік өкілдерінің ғана емес, әрбір тұрғынның да парызы. Тазалықты сақтау және қоршаған ортаны ластауға жол бермеу — бұл барлық азаматтардың жалпы міндеті. Көптеген тұрғындар осы сенбілікке белсене қатысып, өздеріне ортақ аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын тағы бір рет ұғынды. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға үлкен үлес қосады.

«Бұл жолы көшелерді тазалау, арықтарды тазалау қиындау болды. Себебі ауа суық, қоқыс шөптер сулы болғандықтан тазалықшыларға қолқабыс болайық деп шықтық. Тазалық өзімізге де керек. Әр адам тазалықты сақтап жүру керек», — деп өзінің қатысуымен сенбіліктің маңыздылығын атап өтті қала тұрғыны Алима Аймаханова

Қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған осындай сенбіліктер жастар үшін үлкен тәрбиелік маңызға ие. Ауыл мен қала арасындағы экологиялық мәдениеттің айырмашылығы азайып, жастар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында түрлі акциялар ұйымдастырылуда. Сенбілікке белсене қатысқан жастар мен еріктілер өздерінің белсенділіктерімен және тазалыққа деген құштарлықтарымен үлгі көрсетті.

Жастардың қатысуы қалада экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етуде. Бұл шараларда жастар тек өздері ғана қатысып қоймай, өз отбасыларын, достарын да тазалыққа шақырады. Олар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға дағдыланып келеді.

Сенбілікке кәсіпкерлер мен әртүрлі әлеуметтік ұйымдар да белсене қатысып, өз тараптарынан көмек көрсетті. Олар қалада қоршаған ортаның тазалығына деген ынтымақтастықтың қалыптасуына ықпал етуде. Кәсіпкерлердің қолдауы қоғамдық шаралардың тиімділігін арттырып, оның ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Әл-Фараби ауданының тазалық жұмыстарына атсалысқан кәсіпкерлік нысандардың ұжымдары өздерінің қоғамдық жауапкершілігін сезініп, адамдарға тазалықты сақтау қажеттігін түсіндіруге үлес қосуда. Мұндай шаралар экологиялық мәдениеттің дамуына және тұрғындардың санитарлық ахуалға деген түсінігін жақсартуға бағытталған.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілік қала тұрғындарының бірлігін, ынтымақтастығын көрсетеді. Бұл шара тек қана қаланың тазалығын қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан мұндай шараларға белсене қатысып, тазалықты сақтаудың маңыздылығын ұмытпайық.

Егер әрбір тұрғын осы шараға жауапкершілікпен қарап, күнделікті өмірде де тазалыққа мән беретін болса, Шымкент қаласының экологиялық жағдайы жақсарып, жасыл әрі таза қалаға айналары сөзсіз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*