Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы индустриялды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Өндіріс орнының жалпы инвестициялық құны 35,0 млрд.теңге құрайды.
Қазіргі таңда зауытта әкімшілік ғимараты (әкімшілік, асхана, жатақхана), жүгеріні терең өңдеу зауыты, дән сақтау және дайын өнімді сақтау қоймасы салынуда. Жоба іске асырылған уақытта Жалпы қуаттылығы 150 000,0 тонна жүгері өңдеп, оның ішінде: крахмал,глютен жүгері сечкасы,жүгері ұрығы таңы да басқа 27 түрлі өнім шығару жоспарлануда.
Қазіргі кезде 70 адам уақытша жұмыс орнымен қамтылған. Зауытты 2025 жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр.
Дайын өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан елдеріне және «Рахат», «Хамле», «Гарлсберг Казахстан», «ЭРДЖИ Брэндс», «Маслодел», «Ақсайнан», «Алинекс» компанияларына өткізіледі.
Жоспар бойынша кәсіпорын толық іске қосылған жағдайда, тұрақты 500 адамға жұмыс орны ашылуы күтілуде.
Шардара ауданына «Agriqa Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен бірлескен Жапония елінің «Marubeni Protechs Corporation» компаниясының өкілі Сода Анаму мырза келіп, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиевтың қабылдауында болып, бірқатар тың жобалар талқыланды. Айта кету […]
Соңғы жылдары Шардара ауданы Түркістан облысындағы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Әсіресе ауданның туристік әлеуеті жыл сайын артып, Шардара су қоймасына келушілер саны еселеп көбеюде. Бұл өз кезегінде аудан басшылығы мен жергілікті билік […]
Шардара ауданындағы су жүйелері соңғы рет жарты ғасыр бұрын тазаланыпты. Арық-атыздардың табаны лай бақпаққа толып қалған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданына іссапарында Көксу ауылдық округінің шаруаларымен кездесті. Әкім 10-ға жуық ауыл орналасқан бұл […]
Пікір қалдыру