«Ауыл мектептерін зияткерлік, сондай-ақ қоғамдық орталық ретінде дамыту маңызды. «Мектебі бар ауылда тіршілік бар» деп бекер айтылмаған», — Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын аудандық және ауылдық 1000 мектеп жаңғыртылуда.
Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарының 67%-ын (5236 мектеп) аудандық және ауылдық мектептер құрайды, оның ішінде 4 мың мектеп жаңғыртылды.
Таяудағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда, оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Реновация мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл шаралар халықтың туған жерінен табан аударып, қалаға жаппай көшу мәселесін де шешеді.
Еліміздің барлық өңірінде жаңа білім беру нысандарын салу арқылы қосымша жұмыс орындары құрылуда, бұл әлеуметтік, экономикалық жағдайды жақсартуға және жалпы құрылыс саласын дамытуға ықпал етеді. 2024 жылдан бастап жаңа салынған мектептерде 5000-ға жуық педагог жұмыспен қамтылды.
Ұлттық жобаның тағы бір маңызды бағыттарының бірі — қазақстандық тауарлар мен қызметтерді өндірушілерді қолдау болып табылады.
Жаңа мектептерге барлық жиһаздарды отандық кәсіпорындар жеткізеді. Бұл ұлттық экономиканы нығайтуға және қазақстандық өндірушілердің жаңа жұмыс орындарын құруына, елдегі экономикалық тұрақтылыққа, жергілікті өнеркәсіпті дамытуға ықпал етеді.
Заманауи форматтағы мектептер барлық қазақстандық балалардың қолжетімді әрі жайлы, қауіпсіз ортада сапалы білім алуына жол ашады.
Пікір қалдыру