Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және басқару тиімділігін арттыру, процестерді оңтайландыру, сондай-ақ қорғаныс әлеуетін күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мен дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды, деп хабарлайды ведоствоның баспасөз қызметі. Жаңа құрылым Қарулы күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементі болмақ. Бөлімшенің негізгі міндеті – деректердің үлкен массивтерін талдау, басқаруды автоматтандыру, жедел сценарийлерді модельдеу және қазіргі әскери жағдайда басқару шешімдерін қабылдау жылдамдығын арттыру үшін жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу және енгізу.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жасанды интеллект технологияларын армия қызметіне интеграциялау жаңғырту жолындағы маңызды қадам болып табылатынын және қорғаныс саласындағы әлемдік үрдістерге сәйкес келетінін атап өтті. Бөлімше отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен, жетекші университеттермен және бейінді IT-компаниялармен өзара іс-қимыл жасайтын болады. Бұл тәсіл қорғаныс саласына озық әзірлемелерді енгізіп қана қоймай, жасанды интеллектті әскери қолданудың ұлттық мектебін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллектті енгізу жөніндегі бөлімшені құру кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған. Осыған сәйкес, қазіргі заманғы алгоритмдермен және жүйелермен жұмыс істеуге қабілетті офицер-талдаушылар мен цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау жоспарлануда. Осылайша, Қорғаныс министрлігі жасанды интеллект ұлттық қорғаныстың тиімділігін, қауіпсіздігін және тәуелсіздігін арттыру құралы болатын жаңа басқару архитектурасын қалыптастыруға стратегиялық қадам жасайды.
Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Шымкент қаласының 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша елдегі […]
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институтының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Политехникалық колледжінде 16 маусым – Медицина қызметкерлерінің күнін салтанатты түрде атап өтті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Денсаулық – […]
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті. Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 2 айында ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 23,5 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен […]
Пікір қалдыру