Отырарда мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселесі сөз болды

Отырар ауданында мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еңбек қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ОҚО филиалының директоры Абдулла Ахметов пен ҚР жергілікті атқарушы органдардың ОҚО әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішевтердің қатысуымен семинар болып өтті.Ауыл округі әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлер қатысқан семинарға аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш төрағалық етті. Семинарда Абдулла Ахметұлы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам – Ұлт Жоспарындағы» көтерілген мәселелерді жүзеге асуы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру, кәсіби мемлекеттік аппарат құрудағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға баяндап, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына тоқталды.
Көтерілген мәселелерге байланысты мекеме басшылары мен қызметкерлердің көкейіндегі сауалдарына келген қонақтар тұщымды жауап беріп отырды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Салхутдинұлы маңызды мәліметтермен бөліскен А.Ахметов пен Ә.Әлішевке алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*