ОҚО әкімі Сайрамда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан кәсіпорынның құрылысымен танысты

Оңтүстік Қазақастан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік -4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барасымен танысты. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жобаның жалпы құны 2016,7 млн теңге. Оның 350 млн теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған. Кәсіпорын 2018 жылдың шілде айында іске қосылады деп күтілуде. Жоба қуаттылығы 1,2 млн банка көкөніс консервілеу және 40 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Қазір мұнда консервілеу цехының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарға тапсырыс беріліп қойған. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын 8 дана қойма құрылысын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда сиымдылығы 5 мың тонналық 1 қойма іске қосылған. Басқа қоймалардың құрылысы аяқталу сатысында. Барлық қоймалардың жалпы сиымдылығы 40 мың тоннаны құрайды. Жұмыстың барысымен қаныққан облыс әкімі аграрлы аймақ үшін мұндай қоймалардың аса қажет екенін атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*