Ж.Түймебаев: Ауылға электрик, слесарь, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы мамандары жетіспейді

Сайрамдағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы колледждің студенттері пластикалық заттардың қалдығына құм мен түс беретін қоспа қосып, үй ауласына қолданылатын төсеніш ойлап тауыпты. Облыс әкімі студенттердің бұл жобасына таңданыс білдіріп, жастарды заманауи үздік жобаларды әзірлеуге ынталандыру қажеттігіне тоқталды.

«Қазіргі таңда облысымыздағы аудан, қалалардағы елдімекендерде кәсіптік мамандар тапшылығы байқалып отыр. Қарапайым мысал, бір ауылға электрик, слесарь, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы секілді қажетті мамандықтар жетіспейді. Тіпті жоқ деп айтсақ та болады. Осыны ескере отырып біз биылдың өзінде 30 түрлі қажетті мамандықтар бойынша 9 мыңға жуық азаматты қысқа мерзімдік оқуға жолдаған болатынбыз. Жуырда сол мамандар барлық ауыл округтеріне жіберіліп, жұмыспен қамтылатын болады», — деді Жансейіт Қансейітұлы.Айта кетейік, биыл облысымызда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруға республикалық бюджеттен 11429,8 млн. теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде 64 мың 314 адамды қамту көзделген. 2017 жылдың 1 қазанына бөлінген қаржының 6,4 млрд. теңгесі немесе 56,1 пайызы игеріліп, 68534 бағдарлама қатысушысы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылыпты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*