Ордабасы тұрғындары аудан әкіміне көмек сұрай келді

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес,  Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Мәселен, Шұбарсулық Сейтхан Балғабаев пен бадамдық Қалдықыз Жолбарысова үйіргелік жерді құжаттандыруға қатысты бірқатар сұрақ қойып, құжат рәсімдеу заңдылығына қанықты. Сонымен қатар, Арыс қаласының тұрғыны Жанар Төленбаева Қараспан ауыл округінен балабақша ашуға ниетті етіп отыр екен. Бірақ, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер берілсе деген өтінішін білдірді.Мұнан бөлек, Бөржар ауылынан қолөнер шебері Қасиет Исабеков өзі еңбек ететін Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектептен мұражай ашуға ықпал етуін сұрағанын да айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Қажымұқан ауыл округінің тұрғындары Бекжан Жүсіп пен Қарашаш Ақылбек өздерінің жеке мәселелерін айтып, аудан басшысының көмегіне жүгінді.
Өз кезегінде аудан басшысы Рашид Үсіпханұлы әр мәселені тиісті салаларға жетекшілік ететін орынбасарларымен, заңгермен талдай отырып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*