Арыста екі балабақша ашылды

Тәуелсіз еліміздің үкілеген үміті-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы саналып қана қоймай, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын саналады. Осыған сәйкес, мемлекет басшысының еліміздің ең кішкентай азаматтарына жасаған айрықша қамқорлығы «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту болып саналады. Аталған бағдарламаны қаламызда іске асыру қолға алынып, бүгінгі таңда 46 мектепке дейінгі ұйым жұмыс атқарып келеді. Онда 3850 бала тәрбиеленуде, яғни 80,1 пайызды құрап отыр, соның ішінде мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында бүгінгі таңда қаламызда 23 жекеменшік балабақша, 10 мемлекеттік, 13 мектеп жанынан ашылған балабақша жұмыс жасауда.1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, бүлдіршіндерге арналып қаламызда 100 орындық «Оразалы ата» және Байырқұм ауылдық округінде 75 орындық жекеменшік мемлекеттік әріптестік аясында «Самұрық» балабақшаларының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатында шаһар басшысы Мұрат Болатұлы: — «Бала тәрбиесі — ел өмірінде ең маңызды орын алады. Оларға әрқашан ерекше көңіл бөлінеді. Бүгін біз жиналып отырған мереке — соның бір айғағы. Болашағынан үміт күттірер бүлдіршіндеріміздің алтын ұясының ашылу құрметіне қатысып отырған баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, баянды ғұмыр, қажымас қайрат, күш қуат, ырыс – несібе, молшылық тілеймін» — деп ыстық лебізін білдірді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*