ОҚО-да қайта жаңғыртылған «Металлургшілер» саябағы үшін тұрғындар ыстық ықыласын білдірді

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, Шымкент қаласында жөндеу жұмыстарынан өткен «Металлургшілер» саябағы қайта пайдалануға берілді.  Саябақтың ашылу салтанатында Елбасының курстасы Аманəлі Əбдрахманов та сөз сөйлеп, тұрғындар тарапынан ыстық ықыласын білдірді.«Қала орталығындағы «Металлургшілер»  саябағы бүгін адам танымастай кейіпке еніп, жаңарып отыр. Осы істі қолға алған облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Қаламыз жыл санап көркейіп, демалыс орындары мен саябақтар қатары артып келеді. Бұл дегенеміз ұрпақ денсаулығына, аға буын өкілдерінің ғұмырының ұзақ болуына өз септігін тигізетін дүниелер. Алдағы жылдары мұнда шахмат ойнайтын орталық, балаларға арналған ойын-сауық қондырғылары орнатылмақ» — деді Аманəлі Əбдрахманов.    Айта кетсек, Шымкент қаласындағы «Металлургшілер» саябағының іргетасы 1957 жылы қаланған. Қалпына келтіру жұмыстарынан соң саялы мекеннің аумағы  3,6 гектардан 5 гектарға дейін ұлғайып отыр.   Демалыс аймағында соңғы үлгідегі  жарық шамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын субұрқақ та салынған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*