«Өрлеу» бағдарламасы бойынша Ордабасыда 1142 отбасыға қаржылай қолдау берілген

Оңтүстік Қазақстан облысының Жансейіт Қансейітұлы, Бөржар ауыл округіндегі «Миграж-Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  мал бордақылау алаңын аралап көрді.  Бұл кешен бір мезетте 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға ыңғайластырылған.  Мұнда жылына 70 тонна ет өндіру жоспарланып отыр.       Сонымен қатар, облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлының назарына «Өрлеу» бағдарламасы бойынша Ордабасы ауданында атқарылған жұмыстар ұсынылды.  2017 жылдың 10 айында бағдарлама аясында аудан бойынша 1142 отбасыға 307 миллион теңгеден астам қаржы үйлестірілген екен. Азаматтардың дені  алған қаржыны мал шаруашылығын жүргізуге жұмсағанын айта кету керек. Мұнан өзге, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев «Өрлеу» жобасымен қаржы алған қолөнершінің қолынан шыққан кәдесыйларды тамашалап, сондағы домбыралардың бірін сатып алды.   «Оңтүстікқазақстандықтар «Өрлеу» жобасының тиімділігін көре бастады. Өрлеу» жобасы аясында бүгінге дейін жалпы сомасы 6 млрд-тан астам теңге болатын шартты ақшалай көмекті 20 мыңнан астам жерлесіміз алып,  отбасылық табыстарын еселеп  отыр. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*