Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ордабасы ауданындағы жеке кәсіпкер Ермекбай Утеевтің жылыжайына барып, жұмысымен танысты. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 млн. теңге несие алған кәсіпкер жылыжай салып, 2 азаматты жұмыспен қамтып отыр екен.Сонымен қатар, өңір басшысы Төрткүл ауылындағы «Нұр Агро 73» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу зауытының да жұмысымен танысқанын айта кету керек. Өз жұмысын 2016 жылы бастаған нысанның инвестициялық құны – 255 млн. теңгені құрайды екен. Мұнда бүгінгі күнде 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылвп отыр. Оның ішінде 230-ы жергілікті тұрғындар екенін ерекше атап өткен жөн.14 өндірістік құрылғыда жылына 30 мың тонна мақта өңделеді. Оңтүстік өңірі көлемінде Мақтарал, Шардара, Ордабасы аудандарынан мақта қабылдайтын көрінеді. Қазіргі таңда, Төрткүлде дайындалған мақта талшықтары Чехияға, Белорусия мен Молдоваға экспортталып жатыр. Мұнан өзге облыс орталығы Шымкент қаласындағы «Меланж текстиль» фабрикасына жөнелтіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Кентау трансформатор зауыты 12 миллиард теңгенің өнімін өндірді
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы трансформатор құрайтын өндіріс орны жылдан жылға жұмыс үдемелілігін арттырып келеді. Мәселен, осы жылдың сегіз айында Кентау трансформатор зауыты 12 млрд. теңгеге жуық өнім өндірген. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырған […]
ОҚО-да күніне 60 тонна ет экспорттауға қауқарлы комбинат жұмыс істеп тұр
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында алғаш рет ирандық инвесторлардың қатысуымен ірі көлемде ет және ет өнімдерін дайындайтын жаңа комбинат ашылды. Мұнда тәулігіне 3000 бас ұсақ мал мен 200 бас ірі қара сойылып, әзірленеді деп хабарлайды […]
Сарыағаш пен Мақтаарал аудандарының шаруалары қарбыздарын Ресейге экпорттап жатыр
Сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 га егістіктен 170 тонна қарбыздың ерте пісетін сұрыпын жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. […]
Пікір қалдыру