Облыстық мәслихаттың 17 сессиясы болып өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті. Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.   Басқосуға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық, аумақтық департамент, басқарма басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Айта кету керек, он жетінші сессияның жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Қ.Б. Абасов жүргізіп отырды. Сонымен қатар, бірінші кезекте халық қалаулылары облыстық маслихаттың «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу жайын талқылады. Нәтижесінде ішкі істер департамент қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын 25 пайызға ұлғайту мақсатында республикалық бюджеттен 569,9 млн. теңге бөлінетін болып бекітілді.

Мұнан өзге, он жетінші сессия барысында облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды. Соның нәтежиесінде халық қалаулыларының келісімімен облыстық мәслихаты комиссиясының құрамы өзгерді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*