ОҚО-да балабақшамен қамту мақсатына 1,9 млрд. теңге бағытталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімімен Тасыбаев Әбдірахман Батырбекұлы берген өтінішіне сәйкес, 2017 жылғы 30 қарашадан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылып отыр.

Облыстық мәслихаттың он жетінші сессиясында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, 2020 жылға қарай балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту мәселесіне ерекше тоқталды.

 «Облыстық бюджет көлемі жалпы 518,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 32,4 млрд. теңгеге өсіп отыр. Балаларды балабақшалармен қамту деңгейін 85,5 пайызға жеткізу мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға қосымша 1,9 млрд. теңге бағытталды. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылға қарай балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау қажет» — деді Жансейіт Түймебаев.

Облыстық мәслихаттың он жетінші сессияны қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, білім беру және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен халықты ауыз сумен қамту бағытындағы атқарылар мәселелерге басымдық беруді тапсырғанын айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*