ОҚО-да жастары «Жас кәсіпкер» байқауына қатысып 2 миллионға дейін несие ала алады

Оңтүстік Қазақстан облысында қолға алынып жатқан  «Жас кәсіпкер» жобасы байқау аясында жүзеге асырылады. Айта кету керек, бұл конкурс 2017 жылдың желтоқсан айында өткізілмек. Оған 50 жоба іріктелініп алынады деп күтіліп отыр.

 «Жобалар «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылады. Яғни, болашақ жас кәсіпкерлерге 7 пайызбен 2 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Ал, қаржыландыру мерзімі 60 айға дейін созылады деп жоспарлап отырмыз», — деді «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Арынғазин.

Сонымен қатар, байқауға облыстағы кез-келген бизнес жобасы бар 18 бен 29 жас аралығында азаматтар қатыса алады. Аталмыш конкурсқа аймақтың дамуына пайдасы бар бизнес ұсыныстар қабылданады деп жоспарлануда. Ал, өтінімдер «Ырыс» микроқаржы ұйымында сарапталып, Оңтүстік Қазақстан әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған комиссияның қарауына тапсырылады.

Жобалардың жүзеге асырылуы барысында мониторинг жасалынып, жас кәсіпкерлерге компания тарапынан барынша көмек және қолдау көрсетілетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*