Төлебидегі мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарған

Төлеби ауданында 52 орта, 6 негізгі, 9 бастауыш мектеп, 5 мектептен тыс мекеме, 28 мемлекеттік балабақша, 19 жекеменшік балабақша, 21 шағын орталық, 2 кешкі мектеп жұмыс істейді.
Елбасының салиқалы саясатының арқасында аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Облыстық бюджет есебінен Алғабас, Бірінші Мамыр, Әл Фараби жалпы орта мектептеріне оқу блогы, асхана, еңбек шеберханасы, спорт, акт зал, кітапхана құрылыстарына қаржы бөлінді. Биыл Алғабас орта мектебінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, ал 2018 жылы Бірінші мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінің нысан құрылысын аяқтап пайдалануға тапсыру көзделіп отыр. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
4 мектеп (Шомшақты орта мектебінің спорт залының төбесін жабу, №3 орта мектебіне газ қазандығын ауыстыру, №2 орта мектеп ауласына асфальт төсеу, Мәдени орта мектебінің сыртын сылау) ағымдағы жөндеуден өтті. 67 мектептің барлығының оқу ғимараттары әктеліп, боялып, оқу жабдықтары жөндеуден өтті. 44 мектепке 5133 дана парта орындығымен және 144 дана тақта алуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*