Оңтүстікте 8 мектеп үш тілде білім беріп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында  үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу бағытында жұмыстар жалғасын табуда. 2013 жылдан бастап облыстағы 17 мамандандырылған дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының 8-інде үш тілде білім берілуде. Қалған 9 білім ұйымдары  кезең-кезеңмен үш тілде білім беруге мамандар даярлауда.

Аталған білім беру ұйымдарында Cambridge University Press, Pearson Longman британдық баспаларының жаратылыстану пәндерінен ағылшын тіліндегі биология, физика, химия, информатика және математика оқулықтары Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкестендіріліп, сараптамадан өткізілді.

Сонымен қатар, облыс бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап Шымкент, Түркістан қалаларында, Шардара, Түлкібас аудандарында жаратылыстану бағытындағы (биология, химия, физика, информатика) кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуға мүмкіндігі бар және қажетті жағдайлар жасалған 63 мектепте 211 сынып ашу жоспарлануда.

Білім және ғылым министрлігінің жұмыс кестесіне сәйкес, 2017 жылы – 612, 2018 жылы – 264, 2019 жылы – 644 пән мұғалімдері ағылшын тілінде ұзақ мерзімді курстардан өтетін болады.

Қазіргі таңда 36 мұғалім – «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының базасында, 20 мұғалім – Назарбаев Зияткерлік мектебінің Педагогикалық шеберлік орталығының базасында, 352 мұғалім – Ордабасы, Арыс, Қазығұрт, Сайрам  аудандары мен Шымкент қаласында ағылшын тілі курсы бойынша тілдік курстардан өтуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*