Шымкентті кәсіпкер әйелдердің саны күн санап артып келеді

Шымкентте 2012 жылы ашылған «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпкерлерге, әсіресе әйел кәсіпкерлерге көптеген көмек көрсетіп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері осы жерде «бір терезе» қағидасымен бизнестерін ашу немесе жүргізу бойынша барлық сауалдарына жауап таба алатынын айта кету керек.

Консалтингтік бөлімінің басшысы Назира Кунтуованың айтуынша, өңірімізде әйел азаматшалар кәсіпкерлікпен белсенді айналысып жүр. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 2017 жылы 472 жоба қабылданды, оның ішінде 119 іскер-әйелдер жобалары бар. Облыс бойынша 3567 кәсіпкерлерге түрлі кеңестер берілген, соның ішінде 957 әйел. Қала бойынша 755 кәсіпкерлер кеңес алған, оның ішінде 250 – әйел адам. Кәсіпкерлерлік негіздері бойынша 1726 адамға кеңес берілген болса, соның ішінде 23 әйел адам», – деді бөлім басшысы. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы мен «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жас кәсіпкерлерге арналған шеберлік-сыныбы да өтіп келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*