Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанған Түркістан қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысы өтті. Жиында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев түркі мәдениетін әлемге танытатын халықаралық деңгейдегі тұрақты кеңестің маңыздылығына тоқталып, түркі әлемінің астанасы мәртебесі бұйырған – ежелгі Түркістан қаласына қош келдіңіздер,- деді.
«Түркі халықтары жаһандану заманында алпауыт елдерге жұтылып кетпей, ұлттық кодын, өзіндік ерекшеліктерін, мәдениеті, руханияты мен мемлекеттілігін сақтап қалу үшін өзара ынтымақтастығын нығайтып, бірлігін бекемдей түсуі керек. Осыны ескерсек, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі бастамасымен үйлесіп, Мәңгілік Ел мұраттарымен үндесіп жатыр. Біз осынау маңызды шараны барынша жоғары деңгейде өткізуге бар күш-жігеріміз бен ынта-ықыласымызды салдық. Осы мәртебелі міндетті жоғары деңгейде атқару мақсатында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі тарапынан жоспарлы да жүйелі жұмыстар жүргізілді»,-деді облыс әкімі.
Пікір қалдыру