«Өрлеу» жобасына қатысқан мақтааралдықтардың табысы 4,3 есе өскен

Мақтарал ауданында «Өрлеу» жобасының арқасында кәсібін ашып, әлеуметтік жағдайын түзеп жатқан отбасылар көп. Биылдың өзінде 3046 отбасындағы 18909 адам дәл осы жобаның жемісін көріп отыр.«Өрлеу» жобасының арқасында қаржы алып, сауда дүкенін ашқан Гүлизар Менглисқызы бүгінде отбасын асырап, бала-шағасын бағып отыр. Жобаның арқасында 564 000 теңге алған ол Елбасымыздың саясатына дән риза. Сол сияқты Қорғанбай Убайдуллаұлы 391000 теңге қаржылай көмекті мақсатты түрде жұмсағанның арқасында 3 ірі қара мал алып, шаруашылығын дамытқан.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» жобасына қатысқандардың 14,9%-ы, қаржылай көмек алғандардың 27,4%-ы мақтаралдықтар екен. Аудан бойынша жобадан қаржылай көмек алғандардың 79,6%-ы мал шаруашылығымен айналысуда, сондай-ақ құс шаруашылығы, сауда-саттық, өндіріс т.б. кәсіппен айналысып жатқандар да бар. Соның арқасында жобаға қатысушылардың табысы 4,3 есе өскен.

Айта кетейік, 2017 жылы «Өрлеу» жобасы арқылы мақтаралдықтар жалпы сомасы 1,6 миллиард теңге қаржылай көмек алған.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*