ОҚО-да ұлттық сусындардан құрғақ сүт дайындайтын зауыт салынуда

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін  «Golden camel group LTD» кәсіпорнында болып, жұмысымен танысып қайтты.Айта кету қажет, Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта салынып жатқан инвестициялық жоба келер жылдың мамыр айында іске қосылады деп жоспарланып жатыр. Бүгінгі таңда, нысан құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазірге шейін ғимараттың 75 пайызы аяқталған екен. Кәсіпорнының басына барып жүргізіліп жатқан құрылыстың барысымен танысқан облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы, мұндай зауыттың Тәуелсіз мемелкеттер достастығы елдерінде баламасы жоқ екенін айтып, бұл жобаның өңіріміз үшін маңызды екеніне тоқталып өтті.

«Түйе мен биенің сүтінен құрғақ өнім дайындайтын зауыттар облыс үшін өте тиімді. Өйткені өңірде түйе шаруашылығы дамитын болады. Сондай-ақ, жергілікті жұрт жұмыспен қамтылады. Бастысы, отандық шипалы өнімді шетелге экспорттауға мүмкіндік туады», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*