Оңтүстіктегі «RIC ON EXPORT» бағдарламасының мүмкіндіктері кеңеюде

Оңтүстік Қазақстан облысында «RIC ON EXPORT» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 7 желтоқсан күні «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Zoodel»халықаралық онлайнсауда алаңы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кету керек, ынтымақтастықтың басты мақсаты – «Оңтүстік»  аймақтық инвестициялық орталығы қолдаған тауар өндірушілердің өнімдерін бөлшектік экспорттауды ZoodMall Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы дамыту болып табылады.

Бүгінде бұл платформа үздік халықаралық онлайн-сайттарда 300 миллионға жуық әлеуетті сатып алушылармен бөлшек сатуды жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ-мен ынтымақтастық орнату әлемнің және Қазақстанның кез-келген өңіріне өнімдерді жеткізу мүмкіндігін береді.

Меморандумның шарттарын іске асыру үшін «Zoodel» B2B сайтында алғашқы 50 кәсіпкерлердің өнімдерін орналастыру, кәсіпорындардың 5 тілдегі мамандандырылған парақшаларын жасау, шет елдердің тендерлік ақпараттарына қолжетімділікті ұйымдастыру, өнімдерді тексеру және сатып алушылардың сәйкестігін растау бойынша қызметтер, қауіпсіз төлемдер, жеткізу қызметтері және т.б. жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*