ОҚО-да ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы жүзеге асуда

Оңтүстік Қазкақстан облысында «RIC ON EXPORT» ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасының аясында «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы тарапынан Жібек жолының мақсатты нарықтарында өнімдерді тиімді ілгерілету, сондай-ақ, Zoodel-мен бірге экспорттаушы бұрышын ашу мақсатында нарықты зерттеу мәселелері мен баға белгілеу саласына қосымша қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Новосібір қаласында өткен «Фудсиб» жемістер мен көкөністер көтерме және бөлшек сауда кешенінің ашылу рәсімі барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Новосібір қаласындағы «Фудсиб» сауда кешені арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш компанияда Ресей Федерациясына өнімдерді экспорттауды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету және кешенді қызмет көрсету үшін арнайы жұмыс тобы құрылып отыр.Осыған орай, «RIC ON EXPORT» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 7 желтоқсан күні «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Zoodel»халықаралық онлайнсауда алаңы арасында өзара ынтымақ тастықтуралы меморандумға қол қойылды.Ынтымақтастықтың басты мақсаты – «Оңтүстік» АИО қолдаған тауар өндірушілердің өнімдерін бөлшектік экспорттауды ZoodMall Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы дамыту.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*