Оңтүстік бір топ өнерпаздар Абу-Дабиде өнер көрсетіп жүр

Оңтүстік Қазақстан облысының мəдениет саласында тағы да ақжолтай жаңалық орын алып жатыр деуге болады. Оған себеп, күнгей өлкенің өнер майталмандарының бір тобы Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласындағы шейx Заид атындағы Халықаралық мәдениет фестиваліне аттанған болатын. Айта кету керек аталмыш халықаралық фестивальде Қазақстан Республикасының атынан «Түркістан сарайы» концерттік ұйымының «FARAB» би театры  өз өнерін күллі әлемге паш етіп жатыр.Сонымен қатар, Шейx Мансур бен Зайд Аль Наxаяның өтінішімен арнайы  шақырту алған би тобы қазақтың ұлттық дəстүрлерін кеңінен насихаттап жүр. Қазіргі таңда, «Түркістан» сарайы  «FARAB» би театрының құрылғанына төрт ай уақыт өтсе де, осы аралықта бірнеше халықаралық, республикалық сахналарда өнер көрсетіп, өз ерекшеліктерін танытып  үлгерді. Бүгінде би ұжымының көркемдік жетекшісі, бірнеше халықаралық байқаулардың дауреаты -Роман Ли. Топтың жалпы жетекшісі, мекеме директоры-Шалхарова Əлия Богданқызы екенін де атй кету қажет..

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*