ОҚО-да қылмыстар 13 пайызға төмендеген

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында депутаттар Оңтүстік Қазақстан облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиевтің осы жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.Жалпы ағымдағы жылдың 10 айында Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің тарапынан облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын айтқан полиция полковнигі өңірде орын алған жалпы қылмыстар 12,9 пайызға кемігенін жеткізді. Нақтырақ айтар болсақ, оның ішінде аса ауыр қылмыстар 6,8 пайызға, ауыр қылмыстар 8,3 пайызға, тонау 9,7 пайызға, бопсалау 15,1 пайызға, зорлау 21,5 пайызға,  бұзақылық 33,3 пайызға, бөтеннің мүлкін ұрлау 11,6 пайызға төмендегенін атап өтті.

Айа кету керек, күні бүгінге дейін Жергілікті полиция қызметі тарапынан атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық баға берді. Дегенмен, халық қалаулылары қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді жетілдіру қажеттігін айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*