ОҚО-да келер жылы маңызды 320 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат отырысында қаралған 20 мәселенің барлығын байыппен тыңдаған облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгінгі сессияда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайына едәуір ықпал жасайтын мәселелер талқыланғанын және өңірдің даму жолындағы туындап жатқан мәселелерге бей-жай қарамай, белсенділік танытып отырған депутаттарға ризашылығын білдірді.«Жоспарлы кезең бюджет жобасын қалыптастыру барысында бірінші кезекте шешуді қажет ететін өзекті мәселелерге мән берілді. Келесі жылы 320 маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілетін болады. 10,5 млрд. теңгеге 61 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп, 46-сы іске қосылады, оның ішінде 9 апатты және 5 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі.Келесі жылы апатты, жалдамалы және ыңғайластырылған ғимаратта отырған 37 медициналық пункттердің мәселесі шешілетін болады. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарды компьютерлік жабдықтармен 100% қамтамасыз ету мақсатында 1,9 млрд. теңге жоспарлануда. Ал кәсіпкерлікті дамытуға 7,9 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр»,-деді аймақ басшысы.

Сонымен бірге әкім ауыл шаруашылығын қолдауға жалпы 25 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылғанын, оның ішінде 22,4 млрд. теңгесі субсидияға бағытталғанын айтты. Бөлінген қаржылар аясында келер жылы облыс экономикасының өсімін 2,5 пайызға жеткізу жоспарлануда деді, — Ж.Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*