Шымкентте әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті

Ауылдағы ағайынның әлеуетін арттыруға үкіметтік емес ұйымдар да атсалысады. Олар да көштен ілгері қалмай, заман талабына сай өмір сүруі тиіс. Шымкентте өткен әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысқандардың мақсаты осы. ОҚО азаматтық альянсы ұйымдастарған шараға өңірдегі белсенді бірлестіктерден бөлек бастаушы ұйымдарда қатысып бақ сынады.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі үкіметтік емес ұйымдарға үлкен мүмкіндік сыйлады. Түркістандағы «Шапағат» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүдессін қорғау бағытында байқауларға қатысып, жобаларын жүзеге асыруда. Бүгінгі жәрмеңкеде жеңіске жетсе, мүгедек жандардың қоғамдық орындарда еш кедергісіз қозғалуына және жұмысқа орналасуына жағдай жасаймыз деп бекінген.

Жәрмеңкені өткізудегі мақсат — үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктерін, ауылдық жерлердегі өзекті мәселелерді шешудегі жаңа тәсілдер мен технологияларымен таныстыру. Азаматтық қоғам институттары мен бизнестің мемлекеттік құрылымдарымен тығыз қарым қатынаста тең дәрежедегі әріптестігін қамтамасыз ету. Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауында жеңіске жеткен үкіметтік емес ұйым қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Жәрмеңкеге қатысқан жастардың идеялары да өміршең дейді ұйымдастырушылар. Қазығұрт ауданында әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген бірлестік өкілдері өз құрдастарын тілдерді меңгеруге, жоғары технологияларды меңгеруге үйретуді қолға алмақ. Ал іс-шараға қатысқан өкілетті және атқару органдарының өкілдері үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге дайын. Өйткені мақсат бір — халықты толғандыратын мәселелерді бірге шешу.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*