Жиіркенішті! Дани Алвес байқатпай Роналдудың жейдесіне мұрнын сүртіп кетті

Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының 1/8 финалында Париждік ПСЖ мен «Реал» командасы кездескен болатын. Екі ойын қортындысы бойынша мадриттіктер 5-2 есебімен жеңіп, келес кезеңге өтті. 

Десе де, Бризилиялық қорғаушы ойын барысында қарсылас команданың шабуылшысынан әйтеуір бір кек алды. Яғни, кездесу кезінде ПСЖ қақпасының алдында бұрштама добына дайындалып жүрген Криштиано Роналдудың жейдесінің жеңіне Алвес мұрнын сүртіп барып жағып кетеді.Алайда, қорғаушының жиіркенішті әрекетін Роналду байқамай да қалған. Ал, ойынды таспаға басып тұрған телеоператорлар мен режиссерлар  бұл сәтті қалт жібермей түсіріп алыпты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*