Жамбылдықтар Тұңғышбай Жаманқұловтан «құрметті азамат» атағын алып қойды

Жамбыл облыстық мәслихаты актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұловтан «Жамбыл облысының құметті азаматы» атағын алып қойған. Бұл жөнінде Тұңғышбай Қадырұлы, Аман Тасығанның «ютуб» каналында жарық көретін «Talklike» бағдарламасында хабарлады.«Менің өзімнің елімнің, Жамбыл облысының мәслихатына мәдениет министрлігінен телефон арқылы хат-хабар түсіп, осындай ағамыз осындай жағдайға түсті. Сендер неге мынаған мән бермейсіңдер? Атақ-даңқын алып тастау жайында шешім шығармайсыңдарма деген әңгіме болғанда, олар өзінің қолынан келетін «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын алып тастады»- дейді актер.

Бұл атақты иеленгендерге қаржылай сыйақы берілмейді. Сол себепті, үкіметке, мемлекетке ешбір шығын келмеген. Тіпті, Жаманқұлов өңірлік мәслихатқа «Жамбыл облысының құрметті азаматы» деген жазуы бар көк «лентаны» да тапсыруды көздеп отыр.

«Сол атақты тапсыруға мен өз қаражатыммен барып келдім. Тіпті, менімен бірге бұл атақты үлкен кісілер алған. Сол кезде құтты болсынға бір кесе шайда берген жоқ» деді Тұңғышай Қадырұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*