Айтыскер ақын Біржан Байтуов Жас Отаннан «Отан» сөзін алып тастауды ұсынды

Қазақ еліне танымал айтыскер ақын Біржан Байтуов, өзінің «фэйсбук» парақшасында «Жас Отан» жастар қанатының сьездіне «Ninty One» тобы шақырылғанына ашық қарсылық білдіріпті. Осыған орай,  ақын «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының атауын өзгерту қажеттігін жеткізіп отыр.

«Жас Отаннан «Отан» деген сөзді ап тастауды ұсынамын. Отан деген қастерлі ұғым, оны бұлай қорлауға болмайды. Жас бірдеңелер ұйыма деп па, өздері білгенін құрып алсын. Бұлар Елбасының руxани жаңғыру дегенін «көгілдірлікке қам қылу» деп, әлде «сырға тағып сән құру» деп түсінген-ау. Кеше осы сьездге қонақ қылып шақырып еді. Бармағаныма сондай қуанып отырмын»- дейді Біржан Байтуов.

Айта кетейік, кеше Астана қаласында өткен «Жас Отан» жастар қанатының сьездіндінің ашылу салтанатында «Ninty One» тобы өнер көрсетіп, топ мүшесі Дулат Мұхаметқалиев мінберге шығып сөйлеген болатын.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*