Шымкентте 40 жуық бала балмұздақтан уланды

Шымкент қаласының тұрғындары балмұздақ жеп, жаппай уланып қалды. Екі күнде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен 40-қа тарта адам түскен.Аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабековтың айтуынша, науқастардың төртеуі ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Барлығы да қаланың балмұздақ сататын бір жерінен тәтті жеген екен.

суреттер Bnews.kz сайтынан алынды

«Ауруханаға кеше үш бала мен үш ересек  науқастар түскен. Түнде тағы 20 адам жеткізілді. Барлығында өткір ішек инфкциясы деген диагноз қойылып отыр. Науқастардың барлығы «балмұздақ жедік» дейді. Олардың ең кішісі 5 жаста. Қазір жағдайлары тұрақты», — дейді Ғалымжан Айнабеков.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше науқастар саны сағат сайын өсіп отыр. Қазіргі таңда олардың саны 39 адамға жеткен.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*