ОҚО-да пара алуға оқталып ұсталған көші-қон бастығы 2 айға қамауға алынды

Шымкент қаласындағы  əл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов, сыбайлас жемқорлықпен құрықталған ОҚО ІІД көші-қон басқармасының бастығы Нұрдәулет Төлегенұлының екі айға қамауға алынғанын хабарлады.

Лауазым иесіне қарсы ҚР ҚК-нің 190 және 367 баптарымен айып тағылып отыр. Сол себепті, Нұрдәулет Төлегенұлы екі ай мерзімге күзетпен бұлтартпай ұстау шарасымен қамауға алынған. Айта кету керек, аса ірі көлемде пара алуға оқталды деп айыпталған басқарма бастығына тағайындалған күзетпен қамаққа алу шарасын өзгерту үшін адвокаттары жеке шағым беруді көздеп отыр. Күдіктінің адвокаты Шымырбай Ағабеков сот қаулысына апелляциялық тəртіпте жеке шағым беретінін жеткізді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*