Шардарада «Адал жол- Честный путь» марафоны өз мәресіне жетті

2 сәуірде Шардара ауданында басталған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бастамасымен өңірімізде алғаш рет қолға алынған «Адал жол- Честный путь» жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өз мәресіне жетті. 13 сәуір күні қаладағы Орталық стадионда өткен қорытынды шарада «Адал жол» марафонының эстафетасын Мақтаарал ауданының өкілдері қабылдап алды. Салтанатты шара кезінде сәуір айының 6 – 12 сәуір аралығында осы марафонға қолдау көрсету мақсатында ауылдық округтерде өткізілген автошеру керуені Оратлық стадионға келіп жетті. Автошеру Достық ауылынан басталып Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзын ата, Көксу, Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінен жүріп өтіп, Жаушқұм ауылдық округінен аяқталған болатын. Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейітов автошерудің Туы мен арнайы кітабын аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевке салтанатты жағдайда табыс етті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бас маманы Ғабит Жүндібаев марафонды өткізудегі басты мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, халықты жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру екенін атап көрсетті. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Нұрболат Ділдабек сөз сөйлеп, шардаралықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы акцияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары науқандық емес, бұдан кейінгі уақытта да жүйелі түрде өз жалғасын таба беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, «Адал жол» марафоны кезінде белсенділікпен жұмыс атқарған аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиеваға, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арман Қарсыбаевқа, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақтыбай Әліповке, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Шермұхаммед Қаппаровқа аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың атынан «Алғыс хаттар» табыс етті. Орталық стадионға жиналған көпшілік алдында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев «Адал жол» марафонының эстафетасын Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтынай Ешенқұлова, Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков бастаған азаматтарға салтанатты түрде тапсырды. Қала, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен қызметкерлері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру мақсатында құрылған аудандық мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйым, жастар өкілдері қатысқан марафон кезінде қаладағы мектеп ұжымдары оқушылардың флешмобтарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелерін, оқушылар шығармашылығынан стендтер ұйымдастырды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*