Созаққа былтыр 40 миллиардқа жуық инвестиция тартылған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында өткен жылы жергілікті бюджетке 6 млрд. 763 млн. 590 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 108,5 пайызға орындалды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов мәлім етті.

Аудан басшысының айтуынша, аймақта өткен жылы 242 млрд. 642 млн. 900 теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілген. Оның ішінде, өнеркәсіп саласы бойынша -218 млрд. 64 млн. 800 мың теңге, ауыл шаруашылық саласының үлесі — 11 млрд. 266 млн.  теңгені құрады.

«Аудан экономикасына өткен жылы 39 млрд. 9 млн. теңге инвестиция тартылып, 2016 жылмен салыстырғанда 121,8 пайызға артты. Аудандағы индустриалды аймақта жалпы құны 1 млрд. 204 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, жұмыс жүргізілуде. Аудандағы индустриалды аймақтың инфрақұрылымына 290,1 млн теңге жұмсалса, бүгінгі таңда салық есебінен жұмсалған қаржы толықтай бюджетке қайтарылған», — деді Салыхан Сабырұлы.  

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*